24 жел, 2024 сағат 13:26

Министр мереке қарсаңында әлеуметтік желілер дұрыс істемеуіне қатысты ойын айтты


© Sputnik / Рамиль Ситдиков

Цифлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Тәуелсіздік күні қарсаңында кейбір әлеуметтік желілердің өте баяу істегеніне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Ult.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министр "әлеуметтік желіде болған ақаулар митингпен байланысы бар" деген сөзді растамады.

"Менде ондай ақпарат жоқ",-деді ол.

Осы орайда министр техникалық қызметтен ақаулардың себебін нақтылауға уәде берді.

"Негізі, Тик-Токтың баяу істеуі мен техникалық ақаулардың бір-бірімен байланысы жоқ. Бізде интернет-платформалардың жұмысына жауап беретін орган - ақпарат және мәдениет министрлігі бар. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге интернет контентпен және интернет платформалармен жұмыс істейді. Сондықтан Тик-Тик мәселесін басқа министрліктен сұрау керек", - деді Мәдиев.

Ал цифрлық даму министрлігі техникалық ақауларды бірден жөндеп отырады.

"Желіде қандай да бір ақаулар болған жағдайда біз бірден тиісті шараларды атқарамыз. Алдағы мейрам күндері ешқандай ақаулар болмауы керек", - дейді Мәдиев.