Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстан депутаты Айбек Алтынбековтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 сәуірде Қырғызстанның Мемлекеттік кеден қызметінің басшысы Самат Исабеков Қазақстан жүк тасымалдаушыларды шекарадан өткізбей, экономикалық блокада қойып отырғанын мәлімдеді.
"Қазақстан экономикалық блокада қойып отырса, біз де су блокадасын қоюымыз керек. Уақыты келгенде Қазақстанға су ағынын тоқтатуымыз керек", - деп жазды Tazabek басылымы Жогорку Кенеш депутаты Алтынбековтің сөзін.
Үкімет отырысынан кейін журналистер Жамаубаевтан мән-жайды сұрады. Ол Қазақстанның Қырғызстан үкіметімен түсініспеушілігі жоқ деп сендірді.
"Бізде екі елдің премьер-министрлерімен үкіметаралық кеңес болады деп күтіледі. Ондай проблемалық мәселелер жоқ. Онда талап емес. Ол жақта Қытайдың бірқатар тауарлары Қырғызстан, Қазақстан шекарасы арқылы өтеді. Біз бұл тауарлар заңды түрде өткізілсе, Қырғызстан тарапынан қосылған құн салығы мен импорттық баж салығы алынса дейміз. Қырғызстандағы әріптестерімізбен шекарада экспорттық-импорттық бақылауды өзіміз ұйымдастырдық. Иә, мұндай деректер болды. Егер біз анықтасақ, МКК тексеру жүргізді. Тексерулерге байланысты, әрине, кезек пайда болады", - деп түсіндірді Жамаубаев.
Ол қырғыз депутаты "су блокадасы" туралы мәселені неге көтергенін білмейтінін айтты.
"Сіздер Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанмен ешқандай проблема жоқ екенін айтқанын көрдіңіздер. Ал барлық су қатынасы халықаралық келісімдер арқылы реттеледі", - деді Жамаубаев.
Сондай-ақ, ол шекарадағы жүк көліктерінің кезегі күн сайын емес, тек тексеру және заңбұзушылықтарды анықтау кезеңінде ғана жиналатынын түсіндірді.
602 рет оқылды