28 мау, 2022 сағат 12:04

Министр: Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге келер болсақ, онда Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасын мысал ретінде айтсақ болады. Бірінші орында – қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді (58,1%), екінші орында – интернет – сайттар (34,3%). Бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді (51,4 %), тек 9,6%-ы жеке адамдарға сенеді, ал ешкімге сенбейтіндердің үлесі - 39%», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.