ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ жаңа басшысы Каталин Радудың тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз авиация әкімшілігінің мемлекетке бағынбай, өз бетінше бөлек болғанын қалаймыз. Жеке субъект ретінде өз алдына дамып, отандық әуе қатынасын сапалы қызметпен қамтамасыз етсе дейміз. Біз халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO -International Civil Aviation Organization) басшылығымен сөйлестік. Жаңа бас директор - осы салада белгілі тұлға. Бірлесіп жұмыс істейміз, көреміз. Өзім де ол кісімен жеке сұхбаттастым, маған жақсы әсер қалдырды», - деді Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры болып Каталин Раду тағайындалған болатын.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сенсек, Каталин Радудың азаматтық авиация саласында үлкен тәжірибесі бар.