Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тергеу сотының қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгерту санкцияланды", - делінген хабарламада.
10 ақпанда Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылғаны хабарланған еді.
Күдіктілердің бірі Азимжан Саидбаевтың қайда екені белгісіз болғандықтан, сырттай қамауға алынған.