Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұқасы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Деметрис Андрадені жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
"Андраде, қазір сен солақайлармен жаттығып, спарринг өткізіп жүрсің-ау. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көреремендер Qazaq Style-дан ләззат алсын. Мен сені 7 не 8-раундта сұлатамын. Мен сені жеңемін, мұны өзің де білесің", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы мұндай мәлімдемені орта салмақтағы америкалық экс-чемпион Роб Брантты уақытынан бұрын жеңген соң жасаған.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Брантты жеңген жағдайда мексикалық Хайме Мунгиямен кездесу өткізуге уәде берген.