Президенттің өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметте болған Батырбек Байбосынов Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды.