26 нау, 2022 сағат 14:10

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды


Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қаржы министрінің бұйрығымен Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Панбаев 1987 жылы туған.

2008 жылы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінде 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін жалғастырды, сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейін жетті.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.