Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Қазақстан үкіметі 2017 жылы іске қосқан мемлекеттік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты — елдің экономикасын, инфрақұрылымын және халықтың тұрмыс сапасын цифрлық технологиялар арқылы дамыту. Оның ішінде ауылдық және қалалық жерлердегі балаларға онлайн шығармашылық курстар мен платформаларды қолжетімді ету. Бағдарлама шеңберінде 2022 жылдың соңында Қазақстанның ауылдық елді мекендерінің 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. Бағдарлама 2025 жылға қарай еңбек өнімділігін 38%-ға арттыруды, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі өнімділікті жақсартуды, және жалпы елдің цифрлық экономикасын тұрақты түрде өсіруді мақсат етеді.«Балапан» бағдарламасы. 2010 жылы іске қосылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты — балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету және осы жастағы балалардың білім беру мекемелеріне қолжетімділігін арттыру.
Бұл жоба шеңберінде балабақшалар мен шағын орталықтар салыну көзделген. Яғни, 3-6 жастағы балаларға арналған орталықтар салынды. Сонымен қатар жоба шеңберінде жекеменшік балабақшаларға қаржылай көмек көрсетіліп келеді. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және жаңа әдістемелер мен оқу бағдарламалары әзірленеді.
Жоба шеңберінде 2020 жылға дейін 3–6 жастағы балалардың 98%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Бағдарлама аясында 10 жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар саны айтарлықтай өсті. 2020 жылға қарай жекеменшік балабақшалардың саны шамамен 40%-ы құрады. Бұл жекеменшік және мемлекеттік әріптестікті нығайтуға үлкен үлес қосты. 2010 жылдан бері елде жүздеген жаңа балабақша салынды, ал кейбір ауылдық және қалалық аудандарда шағын орталықтар бой көтерді.
Бағдарламаға жыл сайын мемлекеттен қаражат бөлініп келеді. Қаржы жаңа балабақшалар салу, оларды жабдықтау және тәрбиешілердің кәсіби деңгейін арттыруға жұмсалды.
“Балапан” бағдарламасы аясында арнайы «Балапан» балалар телеарнасы да іске қосылды. Бұл телеарна балаларға арналған қазақ тіліндегі анимациялық және білім беру мазмұнын насихаттайды, ол балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. “Балапан” бағдарламасы қазіргі уақытта Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының басты тірегі болып табылады.