Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заң Халықаралық Түркі академиясының Қазақстан аумағындағы жұмысын реттеуге арналған. Атап айтқанда, академияның жергілікті және шетелдік қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтуі керек және ғимаратта Түркі кеңесі мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің тулары да ілінуі мүмкін.
Келісім түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған. Академияның қазіргі мүшелері - Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия. Венгрия бақылаушы мәртебесіне ие.