06 жел, 2019 сағат 18:03

Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының өкілімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фраунхофер институтының сыртқы байланыстар бөлімінің директоры Йенс Нойгебауэрмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған институттың Қазақстанда кәсіби мамандар даярлау ісін жаңғыртуға және дуальді білім беру жүйесін енгізуге елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, біздің ел бұл саладағы Германияның тәжірибесін енгізуге мүдделі.

Йенс Нойгебауэр Фраунхофер институтының Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Аталған институт 2008 жылдан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы оқу орындарымен, өнеркәсіптермен тығыз байланыс орнатқан.