Фото: uralskweek.kz, Еркебұлан Гапуов
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мектептердегі қауіпсіздік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, қазір білім ошақтарын қарт вахтерлер күзетіп жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, оқушы саны 700 адамнан асатын мектептерде радиобайланысы, қызметтік қаруы, жедел әрекет ету мобильді топтары бар лицензияланған күзет болуы керек.
"Бірақ бүгінгі күні онымен мектептердің тек 84% пайызы қамтылған (1416 мектептің 1193-і). Ал Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында ешбір мектеп мұндай күзетке алынбаған. Ұлытау облысында – 9% ғана. Қостанайда – 50%. Іс жүзінде, мектептерді күзету кәсіби емес мамандарға, яғни қарапайым кемпір-шал вахтерларға тапсырылған", - деді Ахметжанов Үкімет отырысында.
Айтуынша, қарт күзетшілерде мүмкіндік те, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ.
"Сондықтан олар қауіпті заттар мен қаруды кіргізуге тосқауыл қояды деп үміттену – бекершілік. Бұл жерде мекеме әкімшілігі техникалық спецификада күзеттің тәсіліне, қызметкерлердің шекті жасына, олардың арнайы дайындық деңгейіне талаптарды дұрыс қоюы керек", - деп атап өтті ІІМ басшысы.