Білім беру ұйымдарын аттестациялау кезінде бірінші кезекте қауіпсіздік деңгейі есепке алынатын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында соңғы кезде әлемде мектептерге шабуылдар жиілеп кеткеніне тоқталды.
«Егер оқушы немесе шартты түрде мектеп түлегі өз мектебіне қарумен баратын болса, бұл тек білімге ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысына, жалпы әлеуметтену мәселелеріне, буллингке, балалардың мектептегі ахуалына назар аудару қажет екенін білдіреді. Ал бала мектепте өзін бақытты сезінсе, ол оған ертең қару ұстап кірмейді» - деді Асхат Аймағамбетов.
Ол, сондай-ақ, білім беру ұйымдарын аттестациялау тәртібіне осы тұрғыдан өзгертулер енетінін ескертті.
«Барлық білім беру ұйымдарын аккредиттеу және аттестаттациялау стандарттарына қауіпсіздік мәселелерін бірінші кезекке енгіздік. Яғни, енді мектепті аттестаттациялау немесе аккредиттеу кезінде бірінші кезекте балалардың білімін емес, ұйым қызметкерлері мен тәлім алушылардың түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайытынына, балалардың қауіпсіздігі қаншалықты сақталғанына баса мән беріледі» - деп түсіндірді министр.