13 ақп, 2023 сағат 16:34

Мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты екені рас па?

Фото: pexels.com

Петропавлда мектептегі шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

№4 мектептегі төтенше жағдайдан кейін ата-аналар чатында оқушы "Лесоруб" ойынын ойнағаны туралы хабарламалар жаппай тарай бастады. Ойын шарты бойынша бірнеше адамды жаралау қажет екен. Сондай-ақ ойын басталғаны туралы скрин қоса жіберілуде.

Ата-аналар чатында тараған скрин

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі телефон экранынан жасалған скринді тексергенін мәлімдеді. Анықталғандай, қауіпті ойынның Петропавл мектебінде болған оқиғаға еш қатысы жоқ.

Айта кетейік, бүгін 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады. Жасөспірімдер басынан және иығынан жарақат алған.