Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Зәкіржан Күзиев ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутатты таныстырды.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Күзиев.