20 шіл, 2022 сағат 08:19

Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды


ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К.К. Мәсімов, А.Т.Сәдіқұлов, Д.Е.Ерғожинге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 175 б, 1 т, 179 б, 1 т, 218 б, 3 т, 362 б, 4 т, 366 б, 4 тармағы бойынша тергеліп жатқанын хабарлайды. Қамауда ұстау мерзімі жеті айға - Сәдіқұлов пен Мәсімовтың мерзімі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 13 тамызына дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын. 6 қаңтарда ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.