ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін, мас күйіндегі ер адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткені жайында әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін және ішкі істер органдарында іздестіріліп жатқан Абдуллаев ұсталды. Оның жалған қызметтік куәлігі анықталды», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, аталған жалған қызметтік куәлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үлгісіндегі құжат негізде жасалмағанын нақтылады.