08 қыр, 2024 сағат 18:17

Маңғыстаудағы полигонда оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

Сенбі, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақтау гарнизонына сілтеме жасап.

7 қыркүйекте Оймаша полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен оқу-жаттығу жиынында қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу нәтижесінде мерхімді қызметтегі сарбаз өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алды.

"Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда", – делінген баспасөз хабарламасында.


Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етілмейді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - деп қоса кетті гарнизонның баспасөз қызметі.