Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында төбелескендер балта қолданып, салдарынан бір адам қаза болды. Полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Кісі өлтіру оқиғасы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болған.
«6 қарашада сағат 20:25-те Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне Басқұдық ауылында Берекет көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, ол жерден кісі өлтірген деген күдікпен екі адамды ұстады. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы (адам өлтіру) бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.