10 там, 2020 сағат 07:42

Маңғыстауда карантин кезінде той жасалған

Маңғыстау облысында карантин кезінде 30 тұрғын қатысқан той өткені анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сілтеме жасап.

7 тамызда Шетпе кентінде шамамен 23:30-да учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Шетпе кентіндегі үйлердің бірінде 30-ға жуық адам жиналған үйлену тойы өткен. 

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. 

Материал Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін бұзбауға, шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.