16 қар, 2020 сағат 08:48

Маңғыстауда энергетикалық мекемелер басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда энергетикалық мекемелердің басшылары мен лауазымды тұлғалары бар қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті құрамында Маңғыстау облысының бірқатар энергетикалық мекемелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары бар қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғады» деп хабарлайды ведомстводан. 

Тергеу барысында ҰҚТ мүшелерінің өткен жылдың наурызынан қазан аралығында энергетика саласында арнайы білімі бар мамандарды пайдалана отырып, Мұнайлы және Жаңаөзен қосалқы станцияларында есепке алмайтын шиналарда есептелетін кернеу және тоқ тізбектерін иіруді іске асырған. Бұл ретте, «Мангистауэнерго» МКК директоры астыртын көмек көрсеткен. 

«МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Мангистауэнерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК қызметкерлері мен басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 7 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды. Барлығы 9 адам айыпталуда.

ҰҚТ мүшелері келтірген залалдың жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асады. Залалды өтеу мақсатында 110 млн. теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған.