Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik.
8 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында атыс қаруын жасауға және сатуға қатысы бар қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өтті.
Қала тұрғыны "Калашников" жауынгерлік автоматын сатып жатқан жерінен ұсталды. Бұған дейін ол "Макаров" тапаншасын сатқан, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмысқа қатысы бар адамдардың тұрғылықты жерін тінту кезінде "Макаров" тапаншасы, 2 шолақ мылтық, оқ-дәрі, сондай-ақ аса ірі мөлшерде әртүрлі есірткі ("мефедрон", "апиын") тәркіленді.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың үшеуіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы ("қаруды заңсыз өткізу және сақтау") және 297-бабы ("есірткі заттарын заңсыз сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.