Фото: Хабар-24
Маңғыстау облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық бала тұрғын үй кезегіне енгізілді", - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапқа тартылды.