13 мам, 2022 сағат 14:22

Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ - Антикор


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сарқұловқа «бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс бар ма?» деген сұрақ қойылды. 

«Бастапқыда барлық атышулы істі айтып өткен едік. Бірден айтайын, қазіргі уақытта біздің агенттікте Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деп жауап берді ол Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.