Тәуелсіздік күніне орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің алдымызға экономиканың тұрақты өсімі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыру міндетін қойды. Өңірлерді дамытуға зор көңіл бөлінуде. Биыл ауқымды жұмыстар жүргізілді – 11 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4,4%-ға жетті», — деп А. Мамин жиналғандардың барлығын алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, қаржы вице-министрі Т. Савельева, Ұлттық экономика министрлігі Комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов, Қаржы министрлігі Комитетінің төрағасы М. Сұлтанғазиев, Ауыл шаруашылығы министрлігі Комитеті төрағасының орынбасары А. Марс, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары А. Жәкенов, Премьер-Министр Кеңсесінің Бөлім меңгерушісі Е. Омаров марапатталды.
ҚР Президентінің төсбелгісімен алғыс индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаевқа, Денсаулық сақтау министрлігі Комитетінің төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшинге, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комитетінің төрағасы Л. Сүйіндікке табысталды.
«Шапағат» медалімен «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ директоры М. Әбдікәрімов және «Green TAl»әлеуметтік шеберханасының негізін салушы Э. Аскеров марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен қаржы вице-министрі Р. Еңсебаев, Ұлттық экономика министрлігі Комитетінің төрағасы А. Дарбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Комитеті төрағасының орынбасары А. Ыдырысов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Комитетінің төрағасының орынбасары Т. Сәтиев және Премьер-Министр Кеңсесінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.
«Nur Otan» партиясының марапаты — «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә. Смайыловқа, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловқа, Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановқа, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғ. Қойшыбаевқа және Премьер-Министрдің кеңесшісі Ғ. Әбдірахымовқа табысталды.
Премьер-Министр Кеңсесінің бірқатар қызметкерлері мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі үшін «Ерен eңбегі үшін» медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен» және «Премьер-Министрдің алғысымен» марапатталды.