Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен оппозициялық белсенді Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық сот мәліметінше, Мамайды ұстау мерзімі 7 айға дейін, яғни 2022 жылдың 12 қазанына дейін ұзарды.
Ал Құдайбергенді ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 қазанына дейін, алты айға созылды.
Айта кетейік, екі күдіктіге де қаңтар оқиғасын ұйымдастырғаны үшін айып тағылып отыр.