Ірі көлемде ақша бопсалау күдігіне ілінген журналист Махамбет Әбжан 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Абжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп жазды қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 3 шілде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжан "кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады" деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлаған еді.