Фото: championat.com
Әйгілі футболшы Лионель Месси жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирияға көмек ретінде 3,5 миллион еуро аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz сайты.
Tiranapost басылымы аргентиналық өз қорынан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша аударуын өтінген.
"Лионель Месси Түркия мен Сирияға көмектесу үшін 3,5 миллион еуро жіберді", - деп хабарлады басылым түрік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген.