30 мам, 2022 сағат 17:57

Лавров Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді


Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров президент Владимир Путиннің денсаулығы сыр беріп жүргенін растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Le HuffPost сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Лавров франциялық TF1 телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол Ресей басшысы күн сайын көпшілік алдына шығатынын, адамдар оны экраннан көріп, үндеулерін оқып я тыңдай алатынын айтты. 

"Менің ойымша, ақыл-есі дұрыс адамдар одан қандай да бір аурудың немесе әлсіздіктің белгісін көре алады. Мұны осындай қауесет таратқандардың ар-ұятына қалдырамын", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропада Ресей президенті "ауырып, бастапқы жоспары орындалмаған соң ашуланып жатқаны" туралы ақпарат тараған. Мысалы, ұлыбританиялық The Sun, Daily Star, Mirror және Express газеттерінде Путин қайтыс болуы мүмкін екені хабарланған.