19 сәу, 2022 сағат 15:36

Лауазымды шенеуніктер "Оператор РОП" басшылығымен бірге 180 млрд теңге ұрлауды көздеген


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің 180 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаудың алдын алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлауды жоспарлаған.

Бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат тұтқындалды" делінген хабарламада.

Қазір экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда отыр. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.