27 шіл, 2022 сағат 18:20

Қызылордада тұрмыстағы әйел бойдақ жігітті алдап, қалың мал алған

Фото: gulmir_ktk

Жүргізуші, блогер Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасында Қызылордада болған алаяқтық дерегі туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, қызылордалық келін ақшадан қысылып, абысынымен ерекше қылмыс түрін ойлап тапқан.

"Өтірік күйеуге тиіп, артынан қалың мал әкелген соң түрлі сылтаумен "ғайып болатын" келіндер жайлы көп естідім. Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай келін қашыратын жеңге қуып келетін нағашы әпке үштігінен құрылған алаяқтық топ бары да жасырын емес. Кезекті "келін" - Ақерке. Қалың малын алып, Аралдан Қазалыға аттанған құдалар қыз айтқан мекен жайды таба алмайды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді", - деп жазды ол.

Жазбаға түрлі пікір жазылған:

"Соттау керек мұндайларды! Алаяқтық дерегі бойынша", "Естімеген елде көп", "Не айтуға болады мынадай өнерді көріп, қыздарымызды үйде қамап ұстаймыз ба? Алла сақтасын, не болып барады?", "Масқара! Естімеген елде көп, мұндай қадамға бару үшін жүрек жұтқан болу керек шығар", "О, Құдайым-ай, жалпы өзі жасалмаған қылмыс қалды ма, Жаңа Қазақстанда", "Мә, не деген масқара, ұсталып қаламын деп қорықпай ма? Масқара боламын деп", "Күнде бір адам сенгісіз оқиғалар шығатын болды ғой, құрсын", "Жоқшылық неге апармайды..." - деген пікір білдірушілер.