07 қыр, 2021 сағат 19:34

Қызылордада осымен екінші бас экологиялық инспектор 50 млн теңге парамен ұсталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметіне сенсек, ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. 

Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша изоляторына қамауға алынды. 

Сонымен қатар, кеше оның алдында қызмет атқарған бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Аптикаликовқа қатысты мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жарияланды. 

Ол биылғы жылдың ақпан айында 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталған еді.