06 там, 2020 сағат 17:53

Қызылордада мұнай өнімдерін заңсыз өңдеп сатқан кәсіпкер сотталды

Қызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз өңдегене, және оны сатқан 48 жастағы жазаланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде қаралды. 48 жастағы ер адам 2016 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан. Сол арқылы облыстағы мұнай компанияларымен мұнай бассейндерін тазалау, нефтешламдарды шығару және жою қызметіне байланысты келісімшарт жасаған. Дегенмен уақыт өте келе заңсыз әрекеттерге бет бұрған. 

«Келісімдерді пайдаланып, өңделмеген мұнай өнімдерін қыздырып, тұндырылған өнімді иемдену және сату жоспарын іске асырған. Пайда болған өнімді мұнай қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік арқылы кен орнынан алып шығып отырған. Оның әрбір тоннасы бірнеше заңды тұлғаға 110 мың теңгеден сатылған», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті.

Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 3-бөлігі, 18-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Онда мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығару заңдылығын растайтын құжатсыз тасымалдағаны, иемденгені, өткiзгені, сақтағаны, мұнайды қайта өңдеу, қылмыстық жолмен түскен табысты заңды айналымға тартып, иемденіп және пайдалану жағдайлары көрсетілген. 

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.