20 жел, 2020 сағат 19:21

Қызылордада 24 жастағы тұрғын ауылдасының 2​ мың пресс шөбін өртеп жіберді

Қызылорда облысында жергілікті тұрғын ауылдасының 2​ мың пресс жоңышқа мен 12 тонна жемін өртеп жіберді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Түгіскен ауылының тұрғынынан арыз түсті. Онда мал қорада тұрған 2​ мың пресс жоңышқа шөбі мен 12 тонна жемін белгісіз біреудің өртеп жібергені туралы айтылған. Осылайша жәбірленушіге 2,​ 5 млн залал келген. 

«Аудандық тәртіп сақшыларымен жедел іздестіру шараларын жүргізді. Аталған оқиғаға күдікті ретінде сол ауылдың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202 бабының 2 бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру жағдайы көрсетілген. Оқиғаның орын алу себебі және мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.