Видеодан алынған кадр
1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жаппай төбелесте 26 жастағы жігіт зардап шекті. Ол кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1 қаңтарда ауруханаға төбелестен зардап шеккен жігіт түскені белгілі болды. Ол хирургиялық бөлімге жатқызылған.
"Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Операция қажет емес. Қажет барлық емді алып жатыр", - деді аурухананың бас дәрігері Бақыт Әлішева.
Бұған дейін Қызылорда облысындағы төбелес видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатырғаны айтылды.