Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жария етуге жатпайды.