02 мау, 2021 сағат 09:58

«Қызыл» аймақта бір мегаполис пен екі облыс тұр


2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары. 

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта.