Алматыда сауда, ойын-сауық орталығының әжетханасында балаларға күш көрсетпек болған ер адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында ҚР ҚК 124 бабының 1-бөлімімен қаралған.
«Іс материалдарына сәйкес күдікті қыз балаларға ұялы телефонынан порнографиялық сипаттағы видео көрсеткен. Алдымен сауда үйінің фойесінде көрсеткен. Одан кейін қыздардың артынан әжетханаға ілесіп барып көрсеткен», - деді соттан.
Сот шешімімен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.