17 ақп, 2023 сағат 13:27

Қытайда ер адам баласын нашар баға алғаны үшін самурай семсерімен шауып өлтірген

Photo: SCMP composite/Handout

Қытайда жалғызбасты әке мектепте нашар оқығаны үшін 13 жастағы ұлын самурай қылышымен шауып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, әкесі баласының мектепте нашар баға алғанына ашуланған.

«Қытайдың оңтүстік-батысында жалғызбасты әке жасөспірім баласын абайсызда бауыздап өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Оқиға Ян Цзюнмин есімді ер адамның ұлының мұғаліміне жолыққанынан кейін болған. Мектепте оған баласының оқу үлгерімі нашар екені хабарланған. Үйіне ашуланып келген ер адам баласын «тым жалқаусың және білім алуға еш ұмтылмайсың» деп айыптаған. Содан кейін қолына жапонның самурай семсерін алып соққы жасаған.

Сот-медициналық сараптама баланың денесінде қайтыс болғанға дейін бірнеше рет соққыға жығылғанын көрсететін басқа да жарақаттары болғанын анықтады. Аталған оқиға Қытай жұртшылығы арасында үлкен резонанс туғызды.