06 нау, 2022 сағат 15:46

Қырғызстанға 80 тонна бензин әкетіп бара жатқандар шекарада ұсталды


Бүгін шекарашылар қазақ-қырғыз шекара учаскесінің Қарасу (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна «АИ-92» маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шекара қызметінің мәліметіне сенсек, заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. 

Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды.

Тауар ілеспе құжаттар бойынша «құрама» жүк ретінде рәсімделген.

Ұсталған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынатынын еске салады.