55 тонна бензинді Қырғызстан Республикасына заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
2021 жылғы 10 маусымда «Айша бибі» өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері Қырғыз Республикасына бензинді заңсыз әкету фактісінің жолын кесті.
Жалпы саны 54,6 тонна «Күрделі сұйылтқыш» тауары бар, Қырғыз нөмірлері бар «ДАФ»» маркалы автокөлік құралдары ұсталды, жөнелтуші-ЖШС Тараз қаласында тіркелген, алушы Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкері болып табылады.
Автокөлік құралдары ұсталғаннан кейін материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
ҚР ҚМ МКК орталық кеден зертханасындағы физикалық-химиялық зерттеулер тауардың тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарға сәйкес келмейтінін көрсетті.
Бұзушылар «сұйылтқыштың» орнына жалпы сомасы 7 млн. теңгеге АИ-80 маркалы бензинді шығаруға тырысты.
«Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 197 - бабының 3-бөлігі (мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады», - деп хабарлады МКК.
Қылмыстық қудалау органы ҚР Заңнамасы аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.