26 қар, 2021 сағат 15:50

Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды


Алматы облысының кеден бекеттерінің бірінде жалған құжат рәсімделіп, шекарадан заңсыз шығарылған тауар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғыз елінің азаматы балалар және спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстан Республикасына жеткізбек болған. Экономикалық контробанда фактісін Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған. 

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы сомасы 73 млн теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетіліп, тауарлар декларацияланбаған. Заңбұзушыға 2,2 млн теңге айыппұл салынып, тәркіленген тауар мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.