Марат Тоқтоучиков. Кabar.kg видеосынан алынған кадр
Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бішкек Первомай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2022 жылдың 27 маусымында шығарылған. Ол Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді", - деді сот өкілдері.