04 ақп, 2022 сағат 13:48

Қырғызстанда қару-жарақ арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды


Қырғызстанның Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған жасырын орын анықталды. Олардың арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Sputnik Қырғызстан ақпараты бойынша жасырын қоймадан мынадай заттар табылған:

  • атыс қаруы,
  • бөлшектелген Макаров тапаншасы (ПМ),
  • Калашников автоматының 5,45 және 7,62 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
  • Макаров тапаншасының 9 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
  • Қазақстанның мемлекеттік автокөлік нөмірі (KNB 13),
  • қолдан жарылғыш құрылғы дайындауға арналған заттар мен аспаптар.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мұндай сериялы қызметтік нөмір ведомство иелігінде жоқ екенін мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрі қылмыс жасау үшін дайындалған. Қазір жасырын жерді кім ұйымдастырғаны анықталып жатыр.