Мемлекеттік қызметке орналастыру үшін тұлғадан пара бопсалағаны үшін Қырғызстан республикасы Президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Нұрғазы Анарқұлов ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен хабарлағандай, Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, жеке материалдық баю мақсатын көздеп, мемлекеттік басқарушы қызметтердің біріне үміткер тұлғадан аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты бопсалаған.
Аталған факті бойынша МҰҚК Бас тергеу басқармасы Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 326-бабымен (пара алуға бопсалау) қарастырылған қылмысбелгілері бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.
«2021 жылдың 30 қаңтарында өткізіліп жатқан жедел-тергеу іс-шараларының аясында азамат А.Н.С. ұсталып, ҚР МҰҚК Бас тергеу басқармасына жеткізілді», - делінген хабарламада.