Қырғызстан азаматы 10 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары қос азаматтығы бар Риддер қаласының тұрғынын анықтады.
Ол 2012 жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасының азаматтығын қабылдаған.
Бірақ 10 жыл бойы қазақстандық зейнетақыны алып келді.
«Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Одан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда қос азаматтық үшін 19 адам жауапқа тартылған.
ҚР заңнамасы бойынша адам басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға міндетті.