Қырғызстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 9 мамырда Бішкектің "Ала-Тоо" алаңында әскери парад болмайды.
Министрлік мәліметінше, бұл күні Жеңіс алаңында митинг-реквием ұйымдастырылады, сонымен бірге "Өшпес полк" шеруі өтеді.
Мұның алдында Қазақстан Қорғаныс министрлігі де биыл Жеңіс күніне арналған дәстүрлі әскери парад өтпейтінін хабарлаған.
Қырғызстанда бұған дейінгі екі жылда 9 мамыр күні әскери парад және басқа да көпшілік шара ұйымдастырылмады. Мұндай шешімге коронавирус індеті себеп болды.