18 қыр, 2022 сағат 14:24

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны артты

Фото: ozodi.org

Қырғызстандағы Баткен облысында болған қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баткен облысынан сағат 10.00-де алынған жедел ақпарат бойынша, тағы 12 қаза тапқан адам, олардың денесі Баткен денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізілген.

"Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз орталығының мәліметінше, Баткен облысында қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 36-ға жетті. Денсаулық сақтау ұйымдарында зардап шеккен 129 адам бар, оның 7-і амбулаторлық емделуге жіберілді, 79 адам Бішкекке ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгеніне қарамастан, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс қайта басталды. Тараптар бір-бірін шабуыл жасады деп айыптап жатыр. 

14 қыркүйекте таңертең Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында қарулы қақтығыс болған.