Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» қаулысымен жаңа латын әліпбиін бекіткен болатын. Осыған орай Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде де жаңа латын әліпбиін меңгеруге бағытталған сан-салалы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығымен еліміздің ішкі істер органдарында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылуда.
Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы қаласы бойынша департаментінде де ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиясы мақұлдаған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» оқытылуда. Жаңа әліпбиді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде үлкен таблица арқылы түсіндіріліп, сондай-ақ әр қатысқан қызметкерге жаңа әліпби нұсқасы таратылды.
«Латын әліпбиін меңгеруде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының филолог ғалымдары әзірлеген латын негізді әліпбиге қатысты емле қолданылуда. Аталған емле Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен бекітілген. Әрине жаңа әріптердің жазу нұсқасына қатысты үйренушілер тарапынан қойылатын сұрақтар да көп. Олардың жазу барысындағы ұқсастықтары, қалай таңбалап жазылатындығы жайлы сабақ барысында жан-жақты түсіндіріледі» - дейді латын әліпбиін меңгеруден арнайы сабақ беретін тәжірибелі ұстаз Закира Көкенова.
«Мысалы шеттілдік сөздер соңындағы b, g, d дыбыстары p, k, t әріптерімен жазылады: arap, shtap, dramatýrk, hırýrk, pedagok, analok, brent, asteroıt. Бұл емле бұрынғы кеңес дәуірінен қалыптасқан кирилнегізді әліпбидегі емлеге қарама-қайшылық тудырады: араб, штаб, драматург, хирург, педагог, аналог, бренд, астероид – деген және де басқа да сөздердегі кірме сөздердің жазылуы мен фонетикалық тұрғысынан айтылуы бойынша латыннегізді әліпби бойынша, қалай естіледі, солай жазылатындай болып тұр. Жаңа мазмұнды Орфография ережелерінің түзілуі алдында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының орфограф-мамандары «халықтың сөйлеу тілімен санасу керек» (А.Байтұрсынұлы), «емле негізіне қожа сол тілдің жаратылыс заңы болуға керек» (Қ.Жұбанов) деген ұлағатты тұжырым-пікірлерді басшылыққа алды».