04 мау, 2025 сағат 17:57

"Орыс тілде де сайрайды екенсіз ғой". Ринат Зайытов Мәжілісте орысша сұрақ қойды

Фото: Мәжіліс
Бүгін Мәжілісте депутат Ринат Зайытов Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ержан Нұрлыбаевқа дәрі-дәрмекке қатысты сұрақ қойып, жауап ала алмаған. Содан ол сұрағын орыс тілінде қойып еді, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов орыс тілінде сайрайтынын айтып күлді. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
"Біздің президентіміз айтады, кім қандай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап алуға құқылы дейді. Жарайды, оған тоқталмай-ақ қояйын. Мен әріптестерді сұрағымды түсінбей қалды-ау деген қауіпім бар. Сондықтан қайталап өтейін", - деп Ринат Зайытов орыс тілінде сұрақ қойды.


Оған Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов: "Орыс тілде де сайрайды екенсіз ғой", - деп күлді.

Айта кетейік, бүгінг Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықты және денсаулық сақтау объектілерін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігіне аудит жүргізу» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының есебі жөнінде өтті. 

Оқи отырыңыз: "Мемлекетке тікелей залал келтіреді". Дәрі-дәрмекке мемлекеттік аудит қалай өтті?